Тәуекел Мүсілім әкесінің туған жерінде ас берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 26 сәуір, 2024
- 873
Актер Тәуекел Мүсілім әкесін еске алып, үлкен ас берді. Іс-шара Сабыр Мүсілімнің туған жері Темірланда өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Актер асқа келген барлық қонақтарға алғысын білдіріп, әкесі туралы естеліктерін еске алды. Сонымен қатар, ол елде орын алып жатқан жағдайларға алаңдайтынын айтты.
«Құрметті ағайын, туыстар баршаңызға алғысымды білдіремін. Әкеміздің рухын сыйлап келіп отырғандарыңызға біз қуаныштымыз. Керемет жақсы тілектер, естеліктер айтып жатырсыздар. Ел ағаларын, апаларымызды көріп, әкемнің достарын көріп, өзін көргендей әсер алып отырмыз. Елдің алдында жүрсіздер. Сіздер елдің дамуына үлес қосып жатырсыздар. Аудан әкімшілігіне көп рахмет. Қазір елімізде қиын жағдайлар жанымызға батып жатыр. Бір ай бұрын келісіп қойғанбыз, сол үшін өз уақытында өткізіліп жатыр», - деді ортаға шығып сөз сөйлеген актер.
Тәуекел Мүсілім әкесімен небәрі үш ай ғана араласып үлгерген. Бала кезінде ата анасы айырылысып кеткендіктен, олар бір бірімен көп араласа алмаған.