Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Интим байланыс болуы мүмкін": профайлер маман соттағы куәгер Насырбекованың әрекетін талдады

"Интим байланыс болуы мүмкін": профайлер маман соттағы куәгер Насырбекованың әрекетін талдады
Ол оның әркеттерінің көбі күдікті екенін айтты.

23 сәуірде бұиынғы министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша блогер Гүлнара Насырбековадан жауап алынған болатын. Ол Нүкенованың қайтыс болған күні Бишімбаевпен кездескендердің  бірі. Оның сотта сөйлеген профайлер маманы Михаил Дементьев куәгердің іс-әрекеті мен сөзіне талдау жасады, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол YouTube-арнасында бөлісті. 

Маман сөзін куәгердің Бишімбаевтың алғашқы сұрағына қалай реакция көрсеткенімен бастады. 

"Өзін ұстау, киімін ұстау. Ол денесін қатты бақылап ұстамағанда сырт киімін шешер еді. Екі адам арасында интим байланыс болуы мүмкін деген сұрақ туғанда, әдетте адам киімін шешіп бастайды. Бұл жерде физикалық әрекет есте қалып тұр. Ешкімді айыптап тұрғаным жоқ, тек айтпай кетуге болмайтын кей жайттар бар. Кейін ол бірден сөзден жаңылысып қалады да, сұраққа нақты жауап бермейді. Гольф туралы айтқанда да психолингвистика қосылады, адамның тіркес құруы, интонация құруы. Күдіктімен алдын ала сөз байласып алуы мүмкін. Білмеймін, менің қиялым болмаса екен деймін. Бірақ бөлмедегі аңыз-әңгімемен байланыс көріп тұрмын. Бұл жайт оны қатты алаңдатып тұр... Тіл арқылы адаптация. Адам өтірік айтып тұрғанда, өзін қатты бақылап тұрғанда аузы құрғап, ернін жалағысы келіп тұрады", - дейді профайлер.

Сондай-ақ маман екеуінің сыбайлас болуы мүмкін екенін, "розаның иісі шығады" деген тіркестің ағылшын тілінде сен бұл жағдайдан жақсы өтіп кеттің деген мағына беретінін айтты. 
 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар