Полиция су тасқынынан зардап шеккендерді алаяқтарға алданбауға шақырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2024
- 285
Алаяқтар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетеміз деп, олардың атынан несие рәсімдеп жатыр. Осыған байланысты тәртіп сақшылары қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының полициясы алаяқтардың су тасқынынан зардап шеккен жандарға қоңырау шала бастағанын мәлімдеді. Олар мемлекеттен төлем жасаймыз деген желеумен хабарласқан.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алаяқтар өздерін жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және тәртіп сақшысы, ерікті ретінде таныстырады. Сөйтіп телефонға келген SMS-кодты айтуды сұрайды. Мұндай фактілер Қазақстанның бірнеше өңірінде анықталған.
"Сіздерден олардың айласына түспеуді сұраймыз, бейтаныс нөмірлерден түскен бейнеқоңырауларға жауап бермеңіздер, SMS-кодты айтпаңыздар. Сіздің ақшаңыз өз қолыңызда", - деді полиция қызметкерлері.