Солтүстік Қазақстан облысында өз-өзіне қол жұмсаған бауырлардың денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 сәуір, 2024
- 856
Солтүстік Қазақстан облысында бір үйдің екі баласы өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл қайғылы оқиға Айыртау ауданы Имантау ауылында болғандығы туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жақында тұрмысқа шыққан 22 жастағы келіншек жеке үйдің қорасында асылып өлген. Артынша оның ағасы да орманда өлі күйінде табылды.
Полицияның хабарлауынша әпкесі мен інісі да өздеріне қол салған. Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы тәртіп сақшылары аталған фактіге қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Дереккөздің хабарлауынша, екеуі де ата-әжесінің қолында тәрбиеленіпті.
"28 сәуірде Айыртау облыстық полиция басқармасының кезекші бөліміне аудан тұрғындарының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама келіп түсті. Тергеу шаралары жүргізілуде”, – делінген хабарламада.