“Өмірде ешкім пәк емес, періште емес”: Бейбіт Қорған “некесіз баласына” қатысты не ойлайтынын айтты (Видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 сәуір, 2024
- 22.1k
Белгілі әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желіні шулатқан "некесіз баласына" қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ.
"Айтылатын әңгіме ешқашан қалыспайды ғой. Адам алға баса берген сайын әңгіме көп болады. Ондайға негізі көп көңіл бөлмеймін. Бірақ өсіп келе жатқан қызым отыр, ұлым бар. Бұларға қатты тие ме, жоқ па деп ойламайтын заман болды ғой қазір. Мені тек тура жолда жүрген әкесіндей көріп өссе жеткілікті. Өмірде ешкім пәк емес, періште емес. Әр адамның баспалдағы шығар. Мұның бәрі Алланың сынағы, өтеді де кетеді” деді ол.
Азаматтық іс қозғалып, сот отырысында соттың тарапынан баланың әкесін анықтау мақсатында сараптама тағайындалды. Сот ұйғарымы бойынша осы жылдың 24 қаңтарында Бейбіт Қорған келіп, аталған ұйғарымда көрсетілген міндеттерін атқару барысында биологиялық үлгілерін тапсырды.
27 ақпанда сот барысында барлық қатысушының көзінше сараптама ашылып, қорытындысы оқылғаннан кейін, әкелігі анықталмауына байланысты арызданушы берген арызын қайтарып алды. Сонымен қатар арызданушы соттан шағымды қараусыз қалдыруды сұраған.
Шымкентте 14 жастағы қызға өгей әкесі зорлық көрсеткен
Ұқсас жаңалықтар
Сібір жарасы: Атырауда орталық базардың ет павильоны жабылды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024
Келестегі анасы мен қызының өлімі: экс-мұғалімге сот үкімі шықты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024