Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шымкентте 14 жастағы қызға өгей әкесі зорлық көрсеткен

Шымкентте 14 жастағы қызға өгей әкесі зорлық көрсеткен
Әйел күйеуіне қызын ұрып-соғуға рұқсат берген.

Шымкентте өгей әкесі жасөспірімді белбеуімен ұрып, балағат сөздер айтқан. Қазіргі уақытта Шымкент тұрғынының ата-аналық құқығы шектелген, деп хабарлайды KYN.KZ.

Әлеуметтік желіде 14 жастағы қыздың тәтесі жан түршігерлік видео жариялап, ондағы ер адамның мінез-құлқының нашарлығы туралы құқық қорғау органдарына шағымданады. Оның айтуынша, жиені 2017 жылдан бері өгей әкесінен сексуалдық зорлық-зомбылық көргенін айтып, көмек сұраған. Дегенмен, бұл оқиға жайлы дәлелдер әлі табылған жоқ.

Еске сала кетейік, кадрларда жартылай жалаңаш ер адам белбеуін бұлғап, балаларға балағат сөздер айтып жатыр. Осыдан кейін жасөспірім  кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жіберілді. Анасына қатысты азаматтық іс қозғалды.

Әзірге тек әйел жауапқа тартылды. Оның ата-аналық құқығы шектеліп, одан алимент өндірілді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар