Басты жаңалықтар
1414 нөмірінен келген SMS-ті ашуға бола ма?: министрлік түсінік берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 30 сәуір, 2024
- 1.1k
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді.
Қазақстандықтарға мессенджерлер арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының сайты бұғатталғаны туралы ақпарат таратыла бастады деп хабарлайды KYN.KZ.
“Абайлаңыздар! ХҚКО-ның сайты бұғатталды”, - делінген жазбада. Бірақ Министрліктің мәліметінше, 1414-тен келген SMS жалған емес.
"Бұл хабарлама eGov-mobile қосымшасында тіркелмеген қолданушыларға жіберілген. eGov-mobile қосымшасы әртүрлі өмірлік жағдайларда сауалнама толтыру үшін, сондай-ақ жаңалықтарды бөлісу үшін жеке SMS және push-хабарламаларын жібереді", - делінген хабарламада.
Яғни сілтемеге өтіп eGov-mobile қосымшасын орнатып алуға болады.