Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

1-мамыр Астанада қар жауып, жол жабылды

1-мамыр Астанада қар жауып, жол жабылды
Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты «Астана — Ерейментау — Шидерті» автомобиль жолының 16-200 шақырымында Астана қаласы — Павлодар облысының шекарасы учаскесі көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы QazAvtoJol-дың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақмола облысында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты Астана-Ерейментау-Шидерті автомобиль жолының 200-254 шақырымында көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Тіпті бүгін түнде Астанаға қар түсті. 

Бұған дейін «Қазгидромет» РМК 1-2 мамыр күндерінің Қазақстандағы ауа райы болжамын жариялағанын хабарлаған едік. Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында түнде қар аралас жаңбыр жаууы ықтимал, күн күркіреп, оңтүстік-шығыста бұршақ жауатыны болжанған еді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар