Павлодарлық кәсіпкер: әкімдік рейдерлікті заңдастырып, кәсібімді тартып алды
- автор kyn.kz
- 1 мамыр, 2024
- 687
Павлодар облысында кәсіпкер кәсібін дамытудың орнына соттан сотқа шапқылауға мәжбүр болағына айтты. Олар біздің бизнесімізді тартып алуға әкімдік өзі мүдделі дейді.
Кәсіпкер Өнербай Абжанов "БорАртЛес" ЖШС арқылы, Май ауданы, Қазан селолық округіндегі Қарасор көлін 47 жылға жалға алып, балық шаруашылығы кәсібін бастаған. Көлді зерттеп, қымбат балық тұқымдарын өсіруге бет бұрғанда рейдерлік шабуылға ұшырап отыр.
2022 жылы облыстық балық инспекция бөліміне ОТРХ-ға құжат өткізбекші болады. Тартылатын инвестор бәрі дайын болған сол сәтте. Балық инспекциясы бөлімі ОТРХ-ға өтініш берген күннің ертеңінде "БорАртЛеспен" екіжақты келісімнің күші жойылғаны жайлы хабарлама жібереді.
"БорАртЛес" бұған келіспей, іс сотта қаралған. Сол екі жыл ішінде бес сот болып, аяғында кәсіпкерлер жеңіп шығады.
"БорАртЛес" пен облыстық балық инспекциясының арасында көлге байланысты сот жүріп жатады. Әлі заңды иесі нақтыланбаған. Сол даулы көлді бір сот пен екінші соттың арасында облыс әкімі Асайын Байханов ЖК "Қожабековке" беруге қаулы шығарған.
"Облыс әкімінің өзі заңды бұзып, "рейдерлікті" заңдастырып отыр. Әлі сот шешімі шықпаған жерді әкім қалай Қаулы шығарып басқа қожалыққа береді?",-деп қайран қалып отыр кәсіпкер Абжанов.
2020 жылы "Бәйтерек" шаруа қожалығы су астында жатқан, яғни көлдің астындағы жерді шабындыққа және жайылымға деп, Май аудандық әкімдігінің жер қатынасы бөлімі арқылы заңдастырып алған. "БорАртЛес" екі жыл соттасып жүріп, ол жердің ешқандай жайылым емес, шабындық та емес, көл екенін сот арқылы дәлелдеп, көлді қайтарып алған.
"Енді міне тағы да, сол оқиға қайталануда. Екі жағдайда да мемлекеттік мекемелер заңды біле тұра бұзып отыр!",-дейді кәсіпкер Абжанов.
Оның сөзінше қызметте отырған шенеуніктер өзара келісіп, иесі белгісіз көлге байланысты Қаулы шығарған.
"Бұл жерде ең басты кінәлі Павлодар облыстық әкімдігі мен облыстық балық инспекциясының бөлімі. Олар қызмет бабын асыра пайдаланды деп ойлаймын. Әйтпесе, иесі әлі нақтыланбаған, сот шешімі шықпаған көлді қалай облыс әкімі Қаулы шығарып бекітіп береді?".Елімізде балық шаруашылығының көркейіп дамуына мемлекет мүдделі. Мемлекет басшысы Тоқаевтың өзі кәсіпкерлікке рейдерлікті тоқтатуды үнемі талап етіп келеді. Ал, қол астындағы әкімдері сол "рейдерлікті" заңдастырып әуре,- дейді "БорАртЛес" ЖШС директоры Өнербай Абжанов.
Алматыда өрт шыққан пәтерден әйел адамның денесі табылды
Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы балық шаруашылығын дамыту бойынша республикада көш бастады
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2024