Алматыда өрт шыққан пәтерден әйел адамның денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 мамыр, 2024
- 747

Алматыда өрт кезінде бір адам зардап шегіп, әйелдің денесі табылды. Сондай-ақ 23 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство ақпараты бойынша, бүгін таңғы бестер шамасында 7 ықшам ауданында орналасқан төрт қабатты үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 30 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сағат 5:52-де сөндірілген. Үш иінді баспалдақ пен құтқару қалпақшасы арқылы 23 адам құтқарылған. Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 48 адам және 12 техника жұмылдырылған.
Өрт шыққан пәтерден 1997 жылғы әйелдің денесі табылған. Қазір тергеу тобы оқиғаның мән-жайын анықтауда. 1990 жылғы ер адам ауруханаға жеткізілген.
Ұқсас жаңалықтар
Челах мерзімінен бұрын бостандыққы шығуы мүмкін
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 тамыз, 2025
Тарихи саммит: Тоқаев Аляскадағы кездесуге қатысты пікір білдірді
- авторkyn.kz
- 16 тамыз, 2025