Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Салтанаттың арманы – ана атану еді“: Ағасы қарындасының сәбилі болғысы келгенін айтты

“Салтанаттың арманы – ана атану еді“: Ағасы қарындасының сәбилі болғысы келгенін айтты
Сотта сөйлеген марқұмның ағасы Бишімбаевты тани алмағанын, кезінде оның әр сөзіне сенгенін айтты.

Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша өтіп жатқан сот отырысындағы жарыссөзде Салтанат Нүкенованың ағасы көзіне жас алды, деп  хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Айтбек Амангелді Салтанаттың тірі күніндегі арманын атап, оның балаға деген махаббатын айтты. 

“Салтанаттың басты арманы – ана атану еді. Ол өзін әруақытта біліммен жетілдіріп отырды. Тренингтер арқылы көптеген адамдарға көмектескісі келетін. Біз Салтанат екеуміз де аппақ адамдар болдық демеймін. Бірақ өзімізді әрдайым жетілдіріп, білмгенімізді үйреніп жүретінбіз. Біз адал өмір сүрдік”, – деді Айтбек Амангелді.

Марқұмның ағасы Бишімбаевқа сеніп қалғанын, бірақ оның мүлдем басқа адам екенін атады.

“9 қараша ол үшін кәдімгі күн. Сондықтан да оның жүзінен өкініш пен қайғыны көре алмаймыз. өзін сіздерге дұрыс адам ретінде көрсеткісі келеді. Ол өзін ерекше күш иесі сезінеді, өзінен бір саты төмен адамды кемсітуді әдетке айналдырған. Бәрін өзіне қызмет жасайтын күң көреді. Оны біз білімді, мәдениетті адам ретінде таныдық. Салтанаттың жанында мүлдем басқа еді. Ол өзін қиын жолдармен жүргенін және қолдауға мұқтаж екенін айтатын. Біз де оған сендік. Сіздер біздің қателігімізді жасамаңыздар. Сол күні Салтанат қана өлген жоқ, ата-анамыздың рухы мен көз жанары да қоса өлді. Біз сол күнде қалып қойдық. Ай, жыл өткенін қаламаймыз”,- деді ол. 

Айтуынша, қарындасы екеуі ата-анасының биыл 60 жасқа толуына орай саяхат жасауды ойластырып жүрген екен. Алайда, бұл жоспарларының ойға аспай қалғанына қынжылды. 

“Ата-анамызбен төртеуміз бірге саяхаттаймыз деп ойладық. Менің ата-анам 60-қа толды, тағы да жастан жасқа толады, ал Салтанат мәңгі 31 жаста болып қалады”, – деді марқұмның ағасы.

Сонымен қатар, Айтбек Амангелді желіде Салтанатты қаралап жатқандарды сынады. 

“Біз әлі қайғырып та үлгермедік, өйткені күрес пен майданның жолында жүрміз. Марқұм жақынымыздың арын қорғап жүрміз. Түрлі қаралаған ақпараттың әрқайсысын жоққа шығарумен әлекпіз. Салтанаттың атын қаралауды доғарыңыздар”, – деді марқұмның ағасы.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар