"Білімді, бірақ жүрегі жоқ": прокурор сотта Нүкенованың басына жиналған «қанды» көрсетті
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 639
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотында прокурор Айжан Аймағанова жарыссөзде Нүкенованың басына жиналған "қанды" көрсетті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтың Нүкенованы азаптағаны қатысты деректердің барын айтты.
«Құрметті алқабилер, құрметті сот, білімді, келбетті, десе де жүрегі жоқ адамды бірінші рет көріп тұрмын. Онда жүрек жоқ. Біз оның көзінен өкініш көрген жоқпыз. Жанашырлық, аяушылық сезімін де көрмедік. Бишімбаевтың айтқанындай, Салтанат унитазға, еденге құлағаннан қаза тапты ма әлде оның соққыларынан көз жұмды ма, оны бізге мамандар мен сараптама қорытындысы көрсетіп берді», - деді Айжан Аймағанова.
Аймағанова соққылардың әсерінен Нүкенованың басына жиналған қанның көлемін көрсету үшін сотқа құтыға сұйықтық құйып әкелді.
«Адам баласының басына 70 мл гематома жиналған жағдайда, өледі. Ал, Салтанаттың басына 230 мл қан жиналып, миын қысқан», - деді ол.