Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Сені ойласам...": Ахметжан Есімов тойда ән айтып жүр (видео)

"Сені ойласам...": Ахметжан Есімов тойда ән айтып жүр (видео)
Ол Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім» әнін орындаған

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ахметжан Есімовтің «МұзАрт» тобының әншісі  Сәкен Майғазиевпен бірге тойда ән айтып тұрған видеосы тарады, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 
Ол Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Қайран менің жүрегім» әнін орындаған.
Видео İnstagram әлеуметтік желісіндегі  @krispi-парақшасында жарияланды. 
Айта кетейік, Ахметжан Есімов 2015-2017 жылдары  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясын басқарған. 
2021 жылдың 29 наурызына дейін "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті. 
2021 жылы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың штаттан тыс кеңесшісі лауазымына кіріскені туралы ақпарат тараған.
Ал 2008-2015 жылдар аралығында Алматы қаласын басқарған.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар