Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйеліне күш көрсеткен Ақтау тұрғыны 10 тәулікке қамалды

Әйеліне күш көрсеткен Ақтау тұрғыны 10 тәулікке қамалды
Ер адам әйелімен жанжалдасып, оған күш көрсеткен

Маңғыстау облысында әйелімен жанжалдасқан ер адам он тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Түпқараған аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (Физикалық ауырлық келтіре отырып ұрып-соғу немесе күш көрсету, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келмеген) туралы іс қаралды.

Сотта Саин Шапағатов ауылының тұрғыны әйелімен жанжал кезінде оны қорлап, бір қолымен мойнынан ұстап тұрғаны, яғни күш көрсеткені, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмегені анықталды, – деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Сот ер адамды әкімшілік жауапқа тартып, 10 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.

Қаулы заңды күшіне енді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар