"Мені лақтырып кетті": Серікзат Дүйсенғазы Балғынбек жайлы жұрт естімеген оқиғасын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 25.3k
Танымал ақын Серікзат Дүйсенғазы Балғынбек Имашпен естелігін бөлісті, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен ол бұрыннан гитараға құмар болғанын айтады.
"Біраз оқырмандарым менің гитара тартатыныма таңданыс білдіріп жатыр екен. Түсініктеме беріп кетейін. Студент кезде гитараға құмар болғанмын. Кейін бірыңғай домбыраға көшіп кеттік қой. Мына сурет 1996 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіндегі 301-аудиториясында түсірілген. Дәулеткерей Кәпұлы екеуміз тарихшы-ғалым Мәмбет Қойгелді ағамызбен кездесу болып жатқанда барып, Кентау Назарбек ағаның "Бір бәйтерек, бір шынар" деген ата-анаға арнаған әнін айтқанбыз. Әжептәуір КазГУ-градқа танымал дуэт едік, Дәулеткерейдің жеке орындаушы боламын деп қиғылық салып, бөлініп кеткені болашағымызға балта шапқан жоқ па?! Астанаға келген соң Балғынбек Имашпен дуэт болып, мені лақтырып кетті ғой, деп екеуін жамандап кетсең, иә. Қалжың ғой. Студент кезден бірге келе жатқан достарыммен көп қызық кеш бастан өтті ғой. Гитараға да сол кезден қалған аздап ебіміз бар. Анда-санда аккордтарын ұмытып қалмайын деп тартып-тартып қоямын", - деп жазды ол.