Басты жаңалықтар
Жайық өзені деңгейі бірден 19 сантиметрге көтерілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 мамыр, 2024
- 2.9k
Атырау облысында Жайық өзені деңгейі бірден 19 сантиметрге көтерілді.
Атырау облысында Жайық өзені деңгейінің бірден жоғарылады, деп жазады облыстық төтенше жағдай жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
2 мамыр сағат 20.00-ге су деңгейінің өзгеруі (8.00-мен салыстырғанда): Индербор ауылы + 19 см, су деңгейі - 769 см, қауіпті деңгейі - 845 см; Махамбет ауылы + 8 см, су деңгейі - 803, қауіпті деңгейі - 850 см; - Атырау қ. + 7 см, су деңгейі - 466 см, қауіпті деңгейі - 550 см.