Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адвокат Салтанат қаза тапқан күні тағы бір адамның "өлгенін" айтты

Адвокат Салтанат қаза тапқан күні тағы бір адамның "өлгенін" айтты
Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Құсайынова сол күні тек Салтнаттың ғана емес, Бишімбаевтың да "өлгенін" айтты.

Астанада өтіп жатқан Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысынла адвокат Назкен Құсайынова сол күні тек Салтнаттың ғана емес, Бишімбаевтың да "өлгенін" айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

«Мен Салтанаттың қайтыс болғанын түсінемін, бірақ ол да сол күні "өлді" деп ойламаймын, бәрі оны "қандықол" деп айта бастады. Одан теріс айналды», - деді Назкен Құсайынова.

Қорғаушының айтуынша, күдікті «сотқа барлық дәлелдемелерді беріп, телефонмен сөйлескен және шындықты айтқан». Ол сондай-ақ Бишімбаевтың телефонындағы бейнематериалдарды атап өтті. Құсайынованың айтуынша, олар келесі күні Салтанатқа көрсету үшін түсірілген.

Айта кетейік, 2 мамырда өткен сот отырсында Әлия Омарова сотта Бишімбаевтың Нүкенованы жалаңаш еңбектетіп, суретке қалай түсіргенін айтқан болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар