Атырауда 20 жастағы ер адам жедел жәрдем көлігінің фельдшерін ұрды деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.
Атырау облыстық полиция Департаменті 1 мамыр күні сағат 03.40 шамасында фельдшер аруды ұрған 20 жастағы жігітті ұстады.
“Медицина қызметкері оған көмектеспекші болған, бірақ өзі соққыға ұшырады. Наркологиялық сарартамаға сәйкес күдікті жеңіл түрдегі алкагольдік ішімдік қолданған, ол аздап мас болған. Тәртіп сақшылары оны ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды”,- деді полиция қызметкері.
Облыстық жедел жәрдем тұрағы директорының орынбасары Нарғыз Баймолдаевтың айтуынша, ер адам жедел жәрдем көлігіне өзі көмек сұрап келген. Түсініксіз бірдеңелер айтқан. Фельдшер одан қандай да көмек көрсете алатынын сұраған. Алайда бетінен жұдырықпен бір ұрған.
Жедел жәрдем қызметкерлері полиция шақырған. Ал жеңіл жарақат алған фельдшер жұмысына оралды.
Түркістан облысында әкесі оқушы қызын жүкті қылып қойды
Ұқсас жаңалықтар
Сенат ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025
Қала тұрғындарының орташа жалақысы 539 мың теңге - Алматы әкімі
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 желтоқсан, 2025




