Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Әр қыздың анасынан кешірім сұраймын”: Бишімбаевтың анасы ұлы жазасын алатынын айтты

“Әр қыздың анасынан кешірім сұраймын”: Бишімбаевтың анасы ұлы жазасын алатынын айтты
Альмира Нұрлыбекова екі отбасыға да орны толмас қайғы келгенін айтып, жәбірленуші тараптан алғаш рет кешірім сұрады.

Бишімбаевтың ісі бойынша өтіп жатқан соттың жарыссөзге анасы да қатысты. Ол ұлы өзіне лайықты жазасын алатынын жеткізіп, Салтанат Нүкенованың отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

“Қуандықтың бұл ісі Салтанаттың және біздің отбасыға да қайғы әкелді. Қуандық істеген ісіне тиесілі жазасын алады. Салтанаттың отбасынан  кешірім сұраймыз. Біз күнде Салтанат үшін дұға жасаймыз. Мен ұлым үшін де дұға етемін”, – деді Бишімбаевтың анасы.

Ол сот пен алқабилерден ұлын тек істеген қылмысы үшін ғана жазалауын сұрайды. 

“Қуандықты қоғам паразиті атап, ең төмен сатыдағы адамдар қатарына жатқызуда. Біз баламызға қазақы тәрбие беріп өсірдік. Әлеуметтік желілерде осы күні бізді “құбыжық” атап жатыр. Неше түрлі айыптар тағып, маған Қуандықты дұрыс тәрбиелкмедің деп жатыр. Бірақ ата ана ретінде бізде тәрбиелеуге тырыстық. Десек те, Қуандықтың ісі үшін әрбір қыздың анасынан кешірім сұраймын”, – деді ол.

Альмира Нұрлыбекова ана болғандықтан, ұлын қорғайтынын жеткізді.

"Ана ретінде ұлымды соңына дейін қорғаймын. Ұлымның сөздері куәгерлердің сөзімен, фактілермен расталады деп сенемін. Менің ойымша, тергеу өлімнің себебін, өлім уақытын анықтаған жоқ. Тергеу ішімдіктердің мөлшеріне де мән бермеді. Қуандық сол кеште көп ішімдік ішпегенде, мұндай оқиға орын алмас еді", – деді Нұрлыбекова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар