Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың анасын тікелей эфирде балағаттап жіберді (ВИДЕО)

Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың анасын тікелей эфирде балағаттап жіберді (ВИДЕО)
Бишімбаевтың анасы адвокаттың ұлын «қоғамның паразиті» деп атағанын айтты.

Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында Салтанаттың ағасы Бишімбаевты балағаттап жіберді, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Бишімбаевтың анасы адвокаттың ұлын «қоғамның паразиті» деп атағанын айтты.

"Ескі Қазақстанды 30 жылдан астам билеп-төстеген шенеуніктердің істері үшін менің ұлым жауап беруі керек екенін айтты. Сондай-ақ жәбірленуші тарап Қазақстанның бүкіл элитасына сабақ болуы керек деген пікірді алға тартты. Яғни объективті және әділ жазалауға шақырудың орнына ескі Қазақстанды жазалауға үндеді. Сіздерге тек сот емес, саяси және пропагандалық қызметті де жүктеді. Құрметті сот және алқабилер сіздерден қоғамның бүкіл күнәсін бір адамның, менің ұлым Қуандықтың мойнына жүктеп қоймауларыңызды сұраймын", - деді Бишімбаевтың анасы.

Сөзін жалғай отырып, Нүкенованың отбасына алғыс айта бастағанда, Айтбек Амангелді шыдай алмай, Альмира Нұрлыбековаға қарап, сыбырлап боқтап жіберді. Оның орысша былапыт сөз айтқаны видеода анық көрінеді.

Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты судьядан ескерту алған болатын. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар