Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда автобус ішіндегі жолаушылардың бірі ескерту жасаған ер адамға газ баллонын шашты

Алматыда автобус ішіндегі жолаушылардың бірі ескерту жасаған ер адамға газ баллонын шашты
Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салған.

Астанада автобуста жолаушылардың бірі билет тексеретін адамның өтінішіне құлақ аспай, ескерту жасаған адамның біріне газ баллонын шашып жіберді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

"City Transportation Systems" ЖШС оқиға 1 мамырда №21 бағдарда "Ailand отбасылық демалыс орталығы" аялдамасында болғанын хабарлады. 

"Жолаушылардың бірі CTS КБД қызметкеріне жол ақысын көрсетуден бас тартты. Салондағы басқа жолаушылар ер адамға ескерту жасай бастады. Жекелей ескерту жасаған жолаушылардың біріне ол газ шашты", – делінген хабарламада.

Полиция департаментінің қызметкерлері ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырып, 73 840 теңгеге айыппұл салған.

Көлік компаниясы жолаушыларды жол ақысын уақытылы төлеуге, сондай-ақ басқа жолаушыларды құрметтеуге шақырды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар