Осы жылы Қызылорда облысында 108 адамды кене шағып, олар дәрігерлер көмегіне жүгінді. Ал Қырым-Конго қанды безгегі бойынша 2 жағдай анықталған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Кенелер көбірек байқалған 115 елді мекен қолайсыз деп танылды. Өткен айдың алғашқы он күндігінде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары басталды.
Кенеге қарсы улау жұмыстары басталғаны жөнінде облыс тұрғындарының ұялы телефон нөмірлеріне байланыс операторлары арқылы SMS-хабарламалар жолданды.
Бұл бастама Төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп биыл іске қосылды.
“Еліміздің оңтүстік бөлігінде орналасқан Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстары Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы бойынша табиғи ошақтар екені белгілі. Оған аталған өңірлердің климаттық жағдайы қолайлы болуы – басты себеп. Наурыз айынан бастап зоопаразитологиялық топпен кене жинау, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін 11 979 дана кене жиналып, 1331 сынама зерттеумен қамтылды. Олардың арасында 13-де оң нәтиже анықталды. Атап айтқанда, Жаңақорғанда 6, Шиелі 4, Жалағаш 1, Қызылордада 2 жағдай кездесті. Жыл басынан бері 108 адам кене шағу жағдайымен медициналық көмекке жүгінді. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына 2 күдікті жағдай анықталып, 1 дерек зертханалық жолмен нақтыланды», - деді облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.
Ұқсас жаңалықтар
Жедел жәрдем енді барлық қазақстандықтарға келе бермейді
- авторТомирис Тоныкөк
- 25 қыркүйек, 2024
Жатыр мойны обыры: Қазақстанда қыздарды вакцинациялау басталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 қыркүйек, 2024