Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Еркектер ондайдан күш-қуат алады”: Қыран Талапбек әйеліне жиі сыйлық беруінің себебін айтты

“Еркектер ондайдан күш-қуат алады”: Қыран Талапбек әйеліне жиі сыйлық беруінің себебін айтты
©instagram.com/gulzada_tl
Актриса Гүлзада Тұрлаш күйеуінің берген қымбат сыйлықтарын жұртқа жиі көрсетеді.

Мобилограф Қыран Талапбектің әйелі Гүлзада Тұрлаш оның апта сайын қымбат сыйлықтар беретінін айтты, деп KYN.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды 

Ерлі-зайыптылар өздерінің әсем өмірлері туралы  “DS show” бағдарламасында әңгімеледі. 

“Мен қазір өзім армандаған өмірді сүріп жатырмын. Бірақ мұның материалдық жағдайға қатысы жоқ. Мен Қыранға тұрмысқа шықпай тұрып-ақ бақуат өмір сүргенмін. Ал қазір рухани тұрғыда бақыттымын. Күйеуің апта сайын қымбат бағалы, бренд әшекей сыйлау үшін ең алдымен Құдайға шүкіршілік айтуды ұмытпау керек. Сосын сол сыйлықты берген адамға алғысыңды жаудырасың", – деді актриса.

Өз кезегінде Қыран Талапбек әйеліне апта сайын сыйлық беру арқылы энергия алатынын айтты. 

“Неге мен әйеліме апта сайын қымбат сыйлық беремін? Өйткені ол не берсем де, шын жүрекпен қуанады, алғысын айтып, қабылдайды. Оның сол қуанған эмоциясын көру маған энергия береді. Соны көру үшін әрекет етемін, жұмыс істеймін. Еркектер ондайдан күш-қуат алады", – деді мобилограф.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар