Президент православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 мамыр, 2024
- 1.2k
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Тоқаев Пасха мерекесі мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі екенін атады.
“Құрметті еліміздің православ қауымы! Баршаңызды Пасха мерекесімен құттықтаймын. Бұл мейрам – мейірімділік пен ізгіліктің көрінісі. Мереке кезінде діндар қауым зор қуанышқа кенеледі, болашағы жарқын боларына сенімі артады. Жалпыұлттық мәдени кодымызбен берік сабақтасып жатқан Пасха дәстүрлері жұртты жасампаздыққа жетелейді. Сондай-ақ мұқтаж адамдарға көмектесуге, жақын жандарға жанашырлық танытуға шақырады”, – деді ол.
Сондай-ақ, президент қазақстандықтарға денсаулық тіледі.
“Біз халқымыздың қайсарлығы мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құру үшін биік белестерді бағындыра береміз. Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!” – деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026
Тоқаев: Бір тілді басқа тілге қарсы қоюға болмайды. Бұл – үлкен күнә
- авторkyn.kz
- 10 қараша, 2026




