“Жауыздықпен өлтірмедім”: Бишімбаев сотта соңғы сөзін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 1.6k
Экс-министр Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін сөйледі. Ол өзінің кінәлі екенін айтып, бірақ қасақана өлтірді дегенге келіспейтінін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Мен құдайға сенемін. Сіздер сенесіздер ме? Ол бізді сынап жатыр. Сол 8 қараша күні мен сынақтан өтпей қалдым. Ата-анам мен жақындарымның еш кінәсі жоқ. Мен қолыммен істегенді мойныммен көтеремін. Алқабилер алқасы, мені түсініңіздер. Менің тағдырым сөз болып жатыр. Әлеуметтік желіде мені жеккөрінішті көрсетіп, жалған ақпараттар тарап жатыр. Соттың өзінде адвокат Игорь Вранчев маған қарсы қоюға тырысып жатыр. Өздеріңізге сұрақ қойыңыздаршы. Менің орнымда басқа қарапайым азамат болғанда осыншалықты жалған ақпарат таралатын ба еді? Әлеуметтік желіде осындай жала бола ма? Дәлелдерсіз ол кісіге осындай ауыр қылмыс жасады деп айып тағылар ма еді? Бір сәт жақын адамдарыңыздың біріне осындай сынақ болғанын елестетіп көріңізші? Сондай-ақ тергеуге, сотқа, куәгерлерге қысым жасалды. Сіздерден өтінерім, барынша әділетті болыңыздар. Мен Салтанаттың өліміне кінәлімін. Абайсызда өлтіріп алғанымды мойындаймын. Бірақ қасақана жауыздықпен өлтірмедім. Мен оған өлім тілеген емеспін”,- деді Бишімбаев.