Бишімбаев пен Нүкенованың тойындағы адам таңғаларлық жайтты көршісі айтып берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 14.7k
Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойындағы адам шошырлық жайт белгілі болды, деп жазаы KYN.KZ ақпарат порталы.
Гүлзат Дүйсенбай өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Нүкенованың жақын көршісі екенін, оның мінезінің ақ жарқын екенін айтады.
"Салтанат тіпті, есік алдын сыпырушымен де әңгімелесіп, қал жағдайын сұрайтын. Бір күні бірге кафеге барғанымызда ол тамақ ақысын төледі және 1000 рет рахметін айтып, қызметшілерге шайға ақша да тастап кетті", - деді ол.
Сондай - ақ ол той көйлегін таңдауға Салтанатпен бірге Қуандықтың да келгенін айтты.
"Негізі Салтанат аяғы ашықтау тұратын, өзіне жарасатын көйлекті таңдаған. Бірақ Қуандық келіп, "ертең туған-туыстар сенің аяғыңа қарай ма?" деп басқа бір көйлекті таңдатты. Салтанат маған Қуандықты көндіретінін айтқанымен, кейін "енді санасқым келмейді, сол таңдаған көйлекті тіге берейікші" деді. Мен де "Жарайды, жаным" деп жауап бердім", - дейді ол.