Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Қайда?”: Мақпал Исабекова күйеуімен бірге тұрмайтынын айтты

“Қайда?”: Мақпал Исабекова күйеуімен бірге тұрмайтынын айтты
pandaland.kz
Әнші күйеуінің қайда екенін де білмейтінін жеткізді

Әнші Мақпал Исабекова қазіргі кезде күйеуімен бірге тұрмайтынын айтты. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Мақпал Исабековаға оқырмандары оның жолдасы жайында сұраған. 

"Менің күйеуіме қатысты сұрақтар таусылар емес. "Қайда? Көрсет", "Бар ма өзі?", "Неге салмайсың?", "Ажырастың ба" деген сұрақтар келіп жатыр. Оны қайтесіздер? Біреудің күйеуін не істейін деп едіңіздер? "Бар ма? Жоқ па?" деген сұрақ талай рет қойылды. Бірнеше мәрте жауап та бердім", - дейді ашуланған әнші. 

Желі қолданушыларының сұрағына өкпелеген ол күйеуінің қайда екенін өзі де білмейтін болып шықты. Сондай-ақ бірге тұрмайтындарын жеткізді. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар