Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды
Бұрынғы министр Бағдат Мусин өткен аптада қызметінен кеткен.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Мәдиев Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі  министрі болып тағайындалды, деп жазады KYN.KZ тілшісі.

Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Бұрынғы министр Бағдат Мусин өткен аптада қызметінен кеткен.

Еске салайық, бұған дейін Жаслан Мәдиев цифрлық даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған. 2007-2018 жылдары "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ, "Kazyna Capital Management" АҚ, "Қазақстанның даму банкі" АҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ компанияларының құрылымдарында жұмыс істеді. 2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі. 2020-2022 жылдары – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі болып қызмет еткен.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар