"Басқа жексұрын емес, Гитлер туралы ойладым": Түсіпбаева Бишімбаевпен ойы бір жерден шыққанын айтты (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 752
Үнемі қоғамда болып жатқан проблемаларға бей-жай қарамай, өз пікірін ашық түрде білдіріп отыратын әнші Меруерт Түсіпбаева Қуандық Бишімбаевтың бүгінгі соттағы соңғы сөзіне қатысты пікірін білдірді, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол өз ойын Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында білдірді. Видеода әнші Бишімбаев ісі басталған күннен бастап Гитлер жайлы ойлаған екен.
"Соңғы сөзінде ол Гитлердің сөзін келтірді. Прокурор Аймағанова Абайдың сөзін келтірсе, Бишімбаев өзінің жан дүниесіне сәйкес Гитлердің сөзін оқыды. Ең қызығы мен осы оқиға басталғаннан Гитлер туралы ойладым. Гитлер осы ситуацияда әйеліне не істер еді деген ой келді.
Неге мен басқа жексұрын қатыгез адамдар туралы емес, Гитлер туралы ойладым, білмеймін", - деді әнші.
Айта кетейік, бүгін Бишімбаев пен Байжанов сотта соңғы сөздерін айтқан болатын.