Арыққа итеріп жіберген: алғашқы кездесуде мерт болған қыздың өліміне қатысты ақпарат жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 мамыр, 2024
- 999
Алматыда бірінші кездесуде қайтыс болған қыздың өліміне қатысты үкімі шықты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Ол 2023 жылдың қазан айында қайтыс болған.
«Алғашында олар тату-тәтті сөйлескен, бірақ біраз уақыттан кейін ер адам өз әрекеттерін басқара алмаған. Алғашында Айнагүл оны тыныштандыруға тырысқан, бірақ жанжал болмай қоймайтыны белгілі болған соң 102-ге хабарласқан. Кафедегі демалушылар оның оны сыртқа сүйреп шыққанын көргенімен, ешкім араласуды қажет деп таппаған. Көшеде не болғанын қазір ешкім білмеген, бірақ 20 минуттан кейін Айнагүлдің шақырған полицейлері оны өлі күйінде тапқан», — деп жазды журналист Сандуғаш Дүйсенова.
Кейінірек жанжал кезінде ер адамның қызды арыққа итеріп жібергені, оның бас сүйек жарақатынан қайтыс болғаны хабарланды.
Ер адам Қылмыстық кодекстің 104-бабы «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру» бойынша сотталды. Ол 2,5 жылға бас бостандығынан айрылды.
Ұқсас жаңалықтар
28 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, найзағай ойнайды
- авторkyn.kz
- 28 наурыз, 2026
Мектеп психологы: Әр ата-ана өз баласының психологиясын тани білуі керек
- авторkyn.kz
- 27 наурыз, 2026




