Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Tанысу сайтында ер адам қыздарды әбден алдап соққан

Tанысу сайтында ер адам қыздарды әбден алдап соққан
Haberler.com
Грей өткен ақпанда 56 айға бас бостандығынан айрылды.

Tinder танысу қосымшасында өзі сәйкес келген әйелдердің жеке басын куәландыратын ақпаратты ұрлаған Питер Грей есімді алаяқ төрт адамды алдап соққан, деп жазады Haberler.com-ға сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі. 

35 жастағы британдық жігіт өзін «Ромео» деп таныстырған әйелдердің жеке мәліметтерін жасырын түрде алып, олардың атынан несие рәсімдеген. Грей өткен ақпанда 56 айға бас бостандығынан айрылды.
Әлемдік БАҚ-та жарияланған алаяқтық оқиғасының құрбандары ВВС-ге сұхбат берді. Танысу қолданбасын пайдаланатын кез келген адамды абай болуға шақырған Джессика есімді жәбірленуші: «Ол жақсы тыңдаушы болды және сол кезде маған қажет нәрсе сияқты көрінді» деді.

Алты жыл жүрген жігітінен айрылғаннан кейін 2018 жылы Tinder-те алаяқпен танысқан әйел үшінші кездесуінде оны өзін қалай нысанаға алғанын түсіндірді. "Сөмкемді алмай, дәретханаға кеткенімде, ол менің сөмкемді ашып, жүргізуші куәлігім мен банк карталарымды суретке түсірген", -  дейді.
Алаяқтықтың құрбаны болған тағы бір әйел Ханна: «Бұл менің өмірімді құртты, мен енді бейтаныс адамдарға сене алмаймын», - деді.

Араға бірнеше күн салып, Ханна 20 000 фунт стерлинг несие алуға өтінішінің қабылданғаны туралы хат алады. Баспасөзде Грейдің құрбандарынан барлығы 80 мың фунт бопсалағаны хабарланған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар