Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді": заңгер Салтанаттың ағасының соттағы былапыт сөзіне пікір білдірді

"Қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді": заңгер Салтанаттың ағасының соттағы былапыт сөзіне пікір білдірді
Коллаж: KYN.KZ. Суретте: Ахатова, Амангелді
Ахатова Facebook желісіндегі парақшасына төмендегідей жазба қалдырған.

Заңгер Ләззат Ахатова Салтанат Нүкенованың ағасы Айтым Амангелді туралы жазба қалдырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Ахатова Facebook желісіндегі парақшасына төмендегідей жазба қалдырған.

“Алда не болатынын бір Алла біледі..Түйсігім алдамаса, бұның да қаныпезерлігі Бишімбаевтан кем түспейді. Апама жездем сай, негізі. Ал ана сорлы не жағдайда да баласын қорғайды. Салтанаттың қандай болғанын біз де білмейміз. Бишімбаев таза абьюзер, ал марқұм да сондай болса, ұрыс-керістің бәрі екі абьюзердің текетіресінен шыққан да, онда. Бишімбаев секілді қанышер емес, әрине. Мінезі жайсыз болған шығар. Бәрібір дәлел жоқ қой, ол сөзіне. Ал ұлының қылмысына дәлел көп. Сондықтан анасы солай деді деп, ел сене салмайды ғой. “Ана ғой, қайтсін..”-дейді де қояды, түсіністікпен қарап”, — деп пікір білдірді заңгер.

Алайда Айтым жайлы айтқан "қаныпезер" жайлы сөйлемін кейін солайымен өшіріп тастаған. 

Еске сала кетейік, Айтым Амангелді қарындасы Салтанат Нүкенованың өлімінен кейін басын тік ұстап, сотталушыға қарсы күресіп жүр. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар