Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Ол үйленіп кетіпті”: Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуімен ажырасуының себебін айтты

“Ол үйленіп кетіпті”: Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуімен ажырасуының себебін айтты
syrlasu.kz
Мақпал Қаратай күйеуіне бөлек тұруды өзі ұсыныпты.

Белгілі журналист Мақпал Қаратай бұрынғы күйеуімен не үшін ажырасуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

 

Бұл туралы ол Асзат Садырбаймен болған Paradox подкастында айтты. 

“Әйелдер қабылдайды. Еркектер іштей ойлағанымен, қабылдауға жүрексінеді. “Екеуміз екі бөлек тұрайық” деп мен айттым. Астанаға келгенімде әуежайдан мені күтіп алды. Көлікке отыра сала “бұлай өмір сүргім келмейді” деп айғайладым. Өйткені өтірік отбасы болуға жаным шыдамады. Сөйтіп сөйлесіп, мен Алматыға кетіп қалдым. Ол арасында балаларға келіп жүретін”,- дейді ол.

Күйеуінің үйленіп кеткенін естіген ол депрессияға түсіп, орнынан қозғала алмай қалған екен. 

“Тамызда оның үйленіп кеткенін естимін. Ол үйленіп кетіпті. Бал айына Антальяға кетіпті. Адамның эгосы сұмдық қой. Өзің одан кетіп қаласың, тағы жылайсың. Орнымнан тұра алмай қаламын. Сол кезде Айнұр Тұрсынбаева “Мақпал Стамбулға кел, саған тұратын жерге көмектесемін” деп айтты. Қалтамда 500 доллар бар. Үш баламды алдым да Қырғызстан арқылы билет алып, белгісіздікке кеттім”- дейді Мақпал Қаратай. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар