«Жан-жағыма бердім»: Дариға Бадықова "Таптым-ау сені" киносынан түскен 2 млрд теңгені қайда жұмсады?
- автор Томирис Тоныкөк
- 9 мамыр, 2024
- 984
Актриса, әнші Дариға Бадықова «Таптым-ау сені» киносынан түскен 2 млрд теңгенің қалған ақшасына өзіне пәтер алған. Бұл туралы актриса “DS show” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Таптым-ау сені» фильмі көпшіліктің көңілінен шығып, рекорд орнатқан болатын.
"2 млрд теңгенің тең жартысын 1 млрд теңгені "Kinopark"-қа бердім. Қалған 1 млрд теңге өзіме қалған жоқ. Пайызын "Sulpak" компаниясына бердім. Құрбыларым берген қарыздан құтылдым. Бәріне алғысымды айттым. Мен өзім шашып жүретін адаммын. Жан-жағыма бердім. Екінші киноға ақша алып қалдым. Өзіме пәтер сатып алдым. Оны да алмайтын едім. Барымен базар деп жүре беретін едім. Жылжымайтын мүлік болсын деген оймен алып қойдым. Көлік алмадым. Өз көлігім бар", – деді Дариға Бадықова.