Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан бет күтіміне қатысты қыздарға кеңес берді

Ерке Есмахан бет күтіміне қатысты қыздарға кеңес берді
Ерке Есмахан өзіне көп қойылатын сұраққа жауап беріп, бет күтіміне байланысты қыз-келіншектерге кеңес айтты.

Эстрада әншісі Ерке Есмахан өзіне көп қойылатын сұраққа жауап беріп, бет күтіміне байланысты қыз-келіншектерге кеңес айтты. Бұл туралы әнші Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Қыздарға кеңесім: интернетте мақтап көрсеткен нәрсені бетіңізге жаға бермеңіздер. Бірінші косметологке барыңыздар, кеңес беру қымбат емес. Бет теріңіздің типін, қандай проблема бар екенін біліп алыңыздар. Сосын өз теріңізге керек күтімді аласыз. Өйткені үйдегі күтім – ең маңызды нәрсе. Әрине, коллаген ішуді де ұмытпаңыздар. Мен пайдаланатын крем, маскаларым сіздің теріңізге келмей, керісінше әсер беруі мүмкін. Сондықтан бұл жерде бәрі жеке қарастырылады. Келбетіңіз әдемі болсын десеңіз, ішіңіз таза болсын. Жақсы ой мен жақсы сөз айту да күтімге жатады дер едім", - деп жазды Ерке Есмахан. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар