Мәдениет
“Араласпаймыз”: Олжас Абай Қайратпен неге ән айтпай кеткенін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 586
Олардың жоспарында тағы біраз туындылары болған екен.
Актер Олжас Абай әнші Қайрат Нұртаспен қазіргі кезде неліктен дуэт айтпай кеткенін DS Show” бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі
Қайрат екеуінің “Тау адам” әні көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Алайда, одан кейін бірге ән айтқан емес.
“Қайрат әлі де досым. Қайратпен таныспай тұрып та, өнерін қатты бағалайтынмын. Кейіннен бірге жүрдік, дос болдық. "Тау адам" әнін жарыққа шығардық. Тағы біраз туындыларымыз болған. Мен өзім кино саласында болғандықтан бір-бірімізден үзіліс жасадық. Қазір дуэт айтпаймыз. Бағытымыз екітүрлі болғасын да араласпаймыз. Эстрада жанры мені көптеген құбылысқа алып келді”, – деді актер.