Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Аятжан Ахметжанұлы: Мемлекеттік тілді менсінбейтін банк қызметінен жаппай бас тартайық

Аятжан Ахметжанұлы: Мемлекеттік тілді менсінбейтін банк қызметінен жаппай бас тартайық
Фото: Аятжан Ахметжанұлының facebook парақшасынан
QAZBILIM ұлттық лицейлері Forte Bankпен жұмыс істеуін тоқтатты

Қазақстандық Forte Bank-тің қызметкерлерді жұмысқа алуда “қазақ тілін білудің қажеті жоқ” деп қойған шарты қазақ қоғамының ашуына тиген еді. Көпшілік жаппай банктің қызметінен бас тартуда. Соның ішінде QAZBILIM ұлттық лицейлері ендігіде банкпен жұмыс істеуін тоқтататынын мәлімдеді деп хабарлайды KYN.KZ ақпараттық агенттігі.

QAZBILIM ұлттық лицейлері Forte Bankпен арадағы әріптестік қызметін түбегейлі тоқтатты. Бұл туралы QAZBILIM ұлттық лицейінің негізін қалаушы, ұстаз Аятжан Ахметжанұлы ресми мәлім жасады.

«Қазақ тілін жүйелі іспен қорғамасақ, форте банк секілділер ұлттың тілін мәңгі мазақ ете береді! QAZBILIM ұлттық лицейлері 8 қалада 420 дан астам қызметкер бүгінге дейін жалақысын ForteBank-тен алып келген еді.

Форте банк ұлттың тілін қажет етпесе, онда QAZBILIM Ұлттық лицейлері қызметкерлері де Форте банктің картасын қажет етпейді. Қолданбайды. Бұдан былай жалақыны басқа банктен алатын боламыз!

Бұл QAZBILIM GROUP компаниясы басқармасының ресми шешімі. Біз толық қанды форте банк қызметінен бас тартып, ұстаздарымыз бен қызметкерлеріміздің жалақысын ресми түрде басқа банкке ауыстырамыз!», - деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар