Жаңа цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ант қабылдады
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 573
Жаңа цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында ант қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
"Қазақстан халқы мен президенті алдында өз Отаным — Қазақстанның экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс әрекетімде заңдылық пен әділдік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін", — деді министр.
Еске салсақ, мемлекет басшысының жарлығымен Жаслан Мәдиев Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалған болатын.