Қоғам
Шымкентте әйел шала туған нәрестенің денесін қорапқа салып кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 1.0k

Әйел ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды
Шымкентте шала туған сәбидің денесін қорапқа салып, аурухананың алдына қалдырып кеткен әйел ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі OTYRAR порталына сілтеме жасап.
Бұл оқиға 7 мамыр күні сағат 21:30 шамасында болған. Белгісіз әйел №2 Облыстық перинаталдық орталыққа (Дархан) келіп, шала туылған нәрестенің денесін қорапта қалдырып кеткен.
"Бұл факт бойынша қала тұрғыны анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлайды Шымкент полиция департаменті.
Келесі мақала