Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Әлем есігі ашық": Иманбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті

"Әлем есігі ашық": Иманбаева сүйінші жаңалығымен бөлісті
Ол бір жыл ішінде Англияға үйреніп қалғанын айтады.

Танымал әнші, актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жариялап, көпшілікке дипломын көрсетті. Бір жыл бойы Англияда білім алған өнер

иесі жақын арада елге оралатынын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Ол бір жыл ішінде Англияға үйреніп қалғанын айтады.

«Мен Лондонға оқуға кеткеніме көзді ашып-жұмғанша бір жыл уақыт өтіпті. Елге қайтатын уақыт та келді. Иә, Англия елін сағынатын боламын. Себебі өремнің өрісін кеңейтіп, білімімді шыңдап, жақын дос, орта тауып, үлкен баға жетпес байлықпен келе жатырмын. Қазақ өнеріне де өз үлесімді қосып, өрелі, өнерлі, білімді шәкірт тәрбиелеп, өнерге осында алған біліміммен ары қарай жаңалық енгізсем деп келе жатырмын. Айтпағым сіздерден сүйіншілетіп, алған дипломымды көрестіп, қуанышымды бөлісейін дегенім едім. Білім іздеген жандарға еш уақытта кеш емес. Әлемнің есігі қай жаста да, кімге де болса ашық», - деп жазды Иманбаева Instagram-парақшасында. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар