"Мүшесін салбыратып, кішкентай қыздарыма көрсетеді": ішкіш күйеуінен шаршаған түркістандық келіншек заңгерден көмек сұрады (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 мамыр, 2024
- 3.0k
Күйеуінің алкоголді ішімдік ішіп, жыныс мүшесін көрсетіп, кішкентай қыздарының алдында тыр жалаңаш жүретінін айтып, келіншек заңгер Ләззат Ракышеваға хабарласқан, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Заңгер оның бұл өтінішін жерге тастамай, істі сотқа дейін жеткізген.
"Зорлап, видеоға түсірді" дейді 3 баланың анасы, түркістандық келіншектен өтініш келді "құқығымды қорға" деген. Күйеуі әйелін ұрып-соққан ішімдікке салынып. Ол әйел қашқаннан қайтып әкеп сүйретіп, видеоға түсірген. Неге түсіргенін сұраса, шағымданса балаларды тартып алатынын айтып, қорқытқан", - деген заңгер келіншекті қорқытып видеоға түсіргенін айтады.
Ракышева бұл келіншектің құқығын қорғап, сотқа дейін барғанымен шағымданушы сот отырысында күйеуін кешіршен. Заңгердің айтуынша, бұл оны екінші рет кешіруі екен.