Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Косметикама дейін сынады": Айя Шалқар жігітімен айрылысып кеткеніне қатысты жазба жариялады

"Косметикама дейін сынады": Айя Шалқар жігітімен айрылысып кеткеніне қатысты жазба жариялады
Сондай-ақ отандық актриса қыздарға кеңес айтып, үндеу жасады.

Қазақстандық модель, актриса Айя Шалқар сүйіктісімен айырысып кеткенін меңзеп желіде жазба қалдырды, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

“28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа "бармады"). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды", – деп жазды Айя. 

Сондай-ақ отандық актриса қыздарға кеңес айтып, үндеу жасады. 

“Қыздар, өздеріңді күтіңдер! Жеке шекараңыздан асып жатқан жайттарды байқаған бойда бірден қашыңыздар! Сізге ешкім сенбесе де, ел алдында жүрген адам болсаңыз да, мұндай қарым-қатынасты доғару керек. Ұят болса да, кету керек. Сізде бәрі жақсы болады. Маған сеніңіз! Өзіңізге сеніңіз", – деп сырын ақтарды актриса. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар