Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Алагөзова әлемдік жұлдыз Снуп Догқа қазақы стильдегі қалпақ пен шапан сыйлады

Баян Алагөзова әлемдік жұлдыз Снуп Догқа қазақы стильдегі қалпақ пен шапан сыйлады
Баян Алагөзова әлемдік әншінің KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін мәлімдеді

Продюсер, актриса және кәсіпкер Баян Алагөзова әлемдік жұлдыз Снуп Догқа қазақи қалпақ кигізіп, шапан жапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ол өзінің Instagram парақшасында америкалық танымал рэпер Снуп Догпен түскен суретін жариялап, қуанышты жаңалығымен бөлісті. Оның KeshYOU тобымен бірге бейнебаян түсіргенін мәлім етті.

«Біз интриганы сақтап, оны бомба етіп жариялағымыз келді, бірақ Snoop Dogg мұны біз үшін жасады, менің қымбатты жазылушыларым, мен сіздерден Snoop-қа жылы шырай танытуларыңызды сұраймын. Біздің қыздар, біздің KeshYOU, олар шынымен керемет», – деп жазды Баян Алагөзова.

Сонымен бірге, Баян Алагөзова ұлттық киімдердің қазақстандық дизайнер Аида Қауменованың туындысы екенін атап өтті.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар