«Ол жерде біреудің ата-анасы, баласы бар»: Санкт-Петербургте көпірге құлаған автобустағы жолаушыны қазақстандық құтқарып қалған
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 мамыр, 2024
- 6.8k
Санкт-Петербургте көпірге құлап, суға батып бара жатқан автобустың ішіндегі жолаушыларға қазақстандық Ерхан Аханов көмектескен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Fontanka.ru сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Ерхан Ахановтың айтуынша, ол 10 мамыр күні жұмысқа бара жатқан. Көпірге құлаған автобусты көргенде бірден көмектесуді ойлапты. Бірақ басқа куәгерлер оны райынан қайтармақ болған. Ешкімді тыңдамастан Ерхан көлігіндегі темір тросты алып қоршауға байлаған. Бірінші дағыстандық, оның артынан Ерхан да түсіпті.
«Жігіттер терезесін ашып, ішінен әйелді шығарып алдық. Мен алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жүрегіне массаж жасадым. Бірден құсу рефлексі басталды. Ары қарай да массажды жалғастырып, оны қырынан жатқыздым. Жігіттердің бірі жасанды ауа жіберіп көмектесті», - деді Ерхан.
Тұрғындар тағы бір жолаушыны ғана құтқара алған. Өйткені іші суға толы автобусқа арқансыз кіру қауіпті болған. Тіпті терезенің әйнегін де сындыра алмапты.
«Менде адамдарды құтқару керек деген ой болды. Ол жерде біреудің ата-анасы, балалары бар. Қолымыздан келгенше көмектестік. Менің орнымда кез келген еркек осылай жасар еді деп ойлаймын», - дейді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда оқушы қызды зорлаған 48 жастағы ер адам сотталды
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024