Найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2024
- 941
"Қазгидромет" РМК жексенбі, 12 мамырға арналған Қазақстан бойынша ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі.
Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
"Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты әлі де еліміздің басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатын болады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыс, оңтүстік-шығыс өңірде қатты жаңбыр жауады, Алматы облысының таулы аудандарында – қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі.
Республикамыздың солтүстігінде, орталығында антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сипат береді деп болжанады. Республикамыз бойынша ортақ құбылыс - желдің екпін алуы, батыс, оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жел соғып, бұршақ түседі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады, түнде және таңертең шығыста, орталық өңірлерде тұман болады деп күтіледі".