Назым Қахарман: Салтанаттың қазасынан кейін 3 балама ата-әжесімен, әкесімен араласуға тыйым салдым
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2024
- 12.7k
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман бүгінде үш баласын ата-әжесімен, әкесімен араластырмай қойғанын айтты. Оған себеп, балалардың әкесінің жас әйелін өлтіруі , деп жазды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Балалар әлі 16-18 жасқа толған жоқ. Олардың кіммен кездесіп, кіммен араласатынын мен шешемін. Салтанаттпен болған жағдай маған қатты әсер етті. Бұл өте ауыр жағдай. Сондай үлкен қайғыны балалардың ата-әжесі, әкесі қарапайым дүние сияқты көрсетіп, ол жерде марқұмды қатты қаралауда. Бұл өте дұрыс емес. Қуандық бұл жағдайда марқұмның аруағын сыйлап, істегенді мойынымен көтеруі керек еді. Ол керісінше өзін жәбірленушіге айналдырып отыр. Ата-анасы да дәл сондай ойда, тура сол ұстанымда. Менің балаларым жас.
Оларға бұндай қайғыны қалыпты жағдай деп қабылдауға үйрету дұрыс емес. Миларын улап, жандары жарақатталады. Ертең үлкен өмірде қиналады. Сол себепті мен уақытша тыйым салдым. балалар онсыз да бұрындары өз әкелерінен қашып жүретін. Жиі түрлі сылтаулар ойлап табаты. Бірде тіпті балаларым Шымкентке әкесі, салтанатпен кеткен. Астанаға оралған сәтте "мама, әкемізбен ажырасып дұрыс жасаған екенсің" дегенде жылап жібердім. Олар қонақта Салтанатт пен әкелерінің арасындағы жанжалды көріп, шошып оралды",-дейді Назым Қахарман.
Назым Қахарман Салтанаттың қазасынан кейін 40 күн аза тұтқанын айтты.
"Мен осы қайғылы жағдай болған тұста инстаграмымды жауып тастадым. Ақпарат тарағанда алыс-жақын туыстарымыз мені қайтыс болды ма деп даурықты. Мен үндемеуші едім. Бірақ мені, менің қызым жайлы жеке мәліметтер жарияланып кетті. Сол кезде шығып, араласуыма тура келді. Бұл үлкен қайғы, ешкімге тілемеспін. Қуандық әйелін ғана емес, балаларымның әкесін де өлтірді. Осы жағдайдан кейін оның балаларға бұдан әрі қамқорлық жасай алмайтынын түсіндім. балаларым жылап, "бұл қалай? рас па? Салтанат сондай жақсы еді, әдемі, сүйкімді еді" деп жылады. Бүкіл желі жазып жатыр, Мен тіпті балаларымды қалай сақтандырам, өзгелер түртпектеп қоймаса екен деп алаңдадым. Қырық күн бойы тыныш отырдым. Желіге де ештеңе жүктемедім. Нүкеновтер әулетіне көңіл айтамын",-деді Назым Қахарман.