Бет ашамын деп алданып қалдым - Мақсат Базарбаев (видео)
- автор Томирис Тоныкөк
- 12 мамыр, 2024
- 1.6k
Тараз қаласынан шаршап келген күні әнші Мақсат Базарбаев беташарға шығамын деп қалай алданып қалғанын айтты, деп жазады KYN.KZ тілшісі.
Әнші "Махаббат" бағдарламасында дәл сол күні таңға жуық шаршап келгенін айтып, десе де журналист қыздардың бірі оны әйтеуір бет ашуға көндіргенін жеткізді.
"Теларнада жүрген қыз, танимын. "Аға, інім үйленіп жатыр. Сіздің бет ашқаныңызды қалап тұр" деді. Көңілін қалдырмайын, осындай (гонорар) болады деп айттым, түсінесіңдер ғой. Жуынып-шайынып, барсам, Райымбек ауылына бір үйді дайындаған", - деген ол халаты мен орамалын тағып келген келіннің бетін аша бастағанын айтты.
Атасы 500 доллар, енесі 500 доллар салғанда әнші бақыттан басы айналғанын айтады. Оның үстіне "Ресейден келген досы бір бума ақша салды" дейді ол.
Осылайша келіннің бетін ашуға кезек келгенде орамалдың арғы жағынан Еркебұланның атып шыққанын айтады.
"Аға, аға кешіріңізші, сіз алдандыңыз" дей берді", - дейді ол.
Осыдан кейін әнші беташарға барса, міндетті түрде қыздың түріне анықтап қарап, тырнақтарына дейін мән беретін болған екен.