Самал Ибраева министр Бишімбаев жайлы: ол бізді қысымда ұстады, айқайлап, ер адамдарды боқтап тастайтын, жүріс жүретін
- автор kyn.kz
- 12 мамыр, 2024
- 1.4k
Бұл туралы журналист Самал Ибраева Бишімбаевтың экс-әйелімен сұхбаттасқан тұста басынан кешіріп, көзімен көргенді айтып берді. Сөзінше Бишімбаев мықты маман, бірақ, қоластындағыларға өте қатал, жұмыс бітпейінше ешкім ешқайда тапжылмайтындай қысымда ұстапты, деп жазды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.
”2014-2017 жылдары Қуандық Бишімбаевпен бірге жұмыс істедім. Иә, ол кісі өте білімді, жұмыс кезінде сондай талабы зор адам. Бәрін қазір талқылағанда, біз шыныменде ұжым ретінде өте психологиялық, моральдық тұрғыда күйзелісте болдық. Ұжымдық мерекелік шараларда да уайымдап жүретінбіз, еркін болмадық. Ол кісі бізге, барлық қызметкерлерге айқайлайтын, ер адамдарды боқтап тастайтын. Ол кісіде өте үлкен агрессия болды.
Қызметкерлерді түнгі 1-ге дейін ұстап отыратын. Бірақ ол кісінің қол астындағы қызметкер болғандықтан, қазақи менталитет болғаннан кейін біз үндемейміз, сыйлағаннан кейін. Бізде қазақта сондай ғой. Бір жағдай есіме түсіп отыр, Алматыдан үлкен экономист кісілерді Астанаға Бишімбаевтың қабылдауына рұқсат беріп, шақырған едік. Ол кісілер біраз уақыт дайындалып, арнайы ұшып келді. Сол күні Бишімбае Сағынтаевтың тапсырмалары бойынша ұрыс естіген болуы керек. Келді де кабинетінде отырды. Мен келген қонақтарды кіргізейін бе деп барғанда айқайға басты.
Ол кісілер "Онда неге кел дедіңдер?" деген сұрақты маған қояды. Мен қайтадан Бишімбаевқа кіріп айтамын, ол "жоқ" деген сөзінде қатып қалған. Содан жыларман болып келген кісілерге "қабылдай алмайды" деп түсіндіруге тырыстым. Сондай бір қиын ортада қалып қалдым. Сол кезде ол өз кабинетінде гамбургер жеп отырды. Мүлде бір ішіне шайтан кіріп кеткендей өзгеріп, әріптесім екеуімізді қатты ұрысып тастады. Ертеңінде түк болмағандай аздап мақтап қойды. Біз соған мәз болып, қайта жұмысты жалғастыра бердік. Қазір күлкім келеді”, — деді Самал Ибраева.
Журналист экс-министрдің сол кездегі әйеліне күйеуі жас қыздармен жүріс жасағанын да айтып берді.
"Өзіңіз де сезіп, байқаған боларсыз. Ол кісі жас, әртүрлі қыздармен көп жүретін. Іссапарларға алып кететін. Оны бәріміз білдік қой. Жұмыстағылардың барлығы көрді, білді. Бірақ ешкім оны ешқайда айтпайтын. Ол әрине біздің жұмысымыз емес деп көрмегендей жүретінбіз",-деді Самал Ибраева.
Назым Қахарман басшы адамның әйеліне сатқындығы жұмыстастарын, жауапты адамдар бей жай қаратын дүние емес кенін айтты.
"Білесіз бе, дәл сондай қызметте отыратын адам батыс елдерінде жүріс жүрсе оны қызметтен алып тастайды. Өйткені әйелін бір шаңырақ астында тұрып алдаған адамнан бәрін күтуге болады деген түсінік бар. Әйеліне адал емес адам қалай ол әріптестеріне, бастығына мемлекетіне адал бола алады? Мен соны өте қолдаймын. жақсы деп ойлаймын",-деген ойын қосты Назым Қахарман.
Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк доллардың қымбаттауының себебін түсіндірді
- авторТомирис Тоныкөк
- 12 қараша, 2024