Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ол еркек емес»: Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікірін айтты

«Ол еркек емес»: Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевқа қатысты пікірін айтты
видеодан скриншот
Игорь Вранчев Бишімбаевтың ата-анасы оның тәрбиесіне кінәлі екенін алға тартты

Адвокат Игорь Вранчев Қуандық Бишімбаевқа қатысты өз пікірін білдірді. Экс-министрдің оны соттағы әңгімелерімен таңғалдыра алмағанын жеткізіп, тек жиіркеніштік сезім тудырғанын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Odnako podcast-ында айтты. Ол Бишімбаевтың қылмысына ешкімге кінә артуға болмайтынын жеткізді.

«Басында ол өзін осы жағдайға марқұмның жеткізгенін айтады. Алайда видеодан оны сен екі сағат бойы моральды-физикалық тұрғыдан қинағанын көруге болады. Ол адам ретінде мені еш таңғалдыра алған жоқ. Тек жиіркенішті сезімін тудырады. Ол еркек емес. Осылай айтуға болады. Өз -өзін ақтап, құтқарып қалуға тырысуда. Бірақ болды ғой, сен ұсталып қалдың. Жалғыз нәрсе, өз ісіңе – өкіну. Болды. Әрине, марқұмның туыстарынан ешқандай кешірім ала алмайсың. Бірақ өзіңнің өкінетініңді жеткізе де білу керек қой. Ата-аналдарына кінә таққым келмейді. Дегенмен олар оның тәрбиесіне кінәлі. Бірақ оның жасаған қылмысына ата-анасын, жан-жағындағыларды кінәлауға болмайды. Ол бірден өзінің кінәсін мойындап, оны ұрғанын айтуы керек еді. Бірақ ол бәрін керісінше айтты ғой. Оның ішкі ойын дәлелдеу қиын болды. Ол басында қызғаныштан қылмысқа барғанын жоққа шығарды ғой. Енді сот үкімі қандай болатынын күтеміз», - деді адвокат.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар