Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Пох» та берген жоқ»: Бағлан Әбдірайымовқа мемлекет фильмі үшін қолдау көрсетті ме?

«Пох» та берген жоқ»: Бағлан Әбдірайымовқа мемлекет фильмі үшін қолдау көрсетті ме?
Бағлан Әбдірайымов мемлекеттен әлі де қолдау көрмегенін айтты

«Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов қазіргі кезде фильм түсіріп жүр. Алайда, әлі күнге дейін ешбір жобалары үшін мемлекеттен қолдау көрсетілмепті. Бұл жайында әншінің өзі Instagram парақшасында айтып, ашынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

«ZERO» фильмі үшін мемлекеттен ешқандай қолдау болмағанын айтып шағымданды.

«Кеше бір жиында отырсам, Ақтөбе қаласының кәсіпкер жігіті отыр. Біздің «Zero»-ны көрген, екінші фильмді көрген. «Осы жобаларың үшін мемлекет саған қанша беріп жатыр? Сен қандай жобасың?» деп менен сұрап жатыр. Мен күлдім. «Қайдағы жоба? Маған мемлекет «пох» та берген жоқ. Мұның бәрін біз өз қаражатымызға, жеке кәсіпкерлердің қаражатына түсірдік. Ел игілігі үшін жасалынып жатқан дүние» десем, кәдімгідей басын шайқап жатыр. Сондықтан арнайы мемлекеттің тапсырысымен жасалған дүние емес. Содан кейін мен ешкімнің жобасы емеспін! Соны ескерте кетейін», - деді әнші.

Айта кетсек, Бағлан Әбдірайымов бірнеше жыл құмар ойындарының құрығына түскені туралы халыққа ашық айтқан еді. Басынан өткен оқиғасын теріп жазып, «Ақ пен қара» деп аталатын кітап шығарған. Сол оқиға негізінде қазір кинотеатрларда көрсетіліп жатқан «Zero. Қарыз» атты кино түсірді.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар